Журнал туралы

«Colloquium» Almaty Management University 2018 жылдан бастап шығарылады. Журнал-ғылыми рецензияланған, ашық қол жетімді мерзімді баспа басылымы. Журналдың мақсаты әлеуметтік, гуманитарлық және информатика, туризм және инжиниринг саласындағы магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін тарату, сондай-ақ осы салалардағы үрдістер мен болжамдарды талқылау үшін кәсіби алаң құру болып табылады.

Журналдың мақсаттары мен тақырыптық бағыттары

Журналдың мақсаты – магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың әлеуметтік, гуманитарлық және компьютерлік ғылымдар, туризм және инжиниринг салаларындағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін тарату, сондай-ақ осы салалардағы үрдістер мен болжамдарды талқылауға арналған кәсіби алаң құру.
Журналдың тақырыптық бағыттары: экономика, менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, құқық, туризм және қонақ үй бизнесі, логистика, урбанистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, журналистика және ақпарат, өнер салаларындағы материалдарды жариялау.
Журнал магистрлік және докторлық диссертациялардың нәтижелерін, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялауға бағытталған.
Журнал ғылыми зерттеулерде түрлі ғылым салаларының түйіскен жерінде ғылыми нәтижелерді ұсынуға мүмкіндік беретін пәнаралық тәсілді ұстанады.

Жалпы ережелер

  • Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы – «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесі (AlmaU).
  • Коллоквиум журналы – ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін, ғылыми рецензияланған мерзімді басылым, электронды форматта шығарылады.
  • Коллоквиум журналы ақпараттың ашықтығы мен жарияланымдардың қолжетімділігі саясатын ұстанады. Мақалалар журналдың веб-сайтында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толық мәтінде қолжетімді түрде орналастырылады.
  • Коллоквиум журналы жылына 4 рет келесі мерзімдерде шығарылады:
    Бірінші шығарылым – 20 ақпанға дейін,
    Екінші шығарылым – 20 мамырға дейін,
    Үшінші шығарылым – 20 тамызға дейін,
    Төртінші шығарылым – ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін.